Еnergyprom.kz-тың мәліметінше, Қазақстанда бір жыл ішінде аяқ киімнің бағасы 10 пайызға қымбаттады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Биылғы мамыр айының қорытындысы бойынша аяқ киім бағасы 7%-ға өскен. Мұндай қымбатшылық соңғы 4 жылда алғаш рет білініп отыр. Бір жылда балалар аяқ киімі – 14,2%-ға, әйелдердікі — 8,8%-ға, ерлер аяқ киімінің бағасы 7,9%-ға қымбаттап кеткен.
2022 жылдың қаңтар-мамыр айларында елімізде 546 мың жұп аяқ киім шығарылған. Бұл көрсеткіш былтырғыдан 13,3%-ға аз. Сонымен қатар, қазақстандық өндірушілер биылғы жылдың бірінші тоқсанында халық сұранысының тек 4,2%-ын ғана қанағаттандырған. Басқаша айтқанда, бүкіл нарық импортқа тәуелді деуге болады. Қаңтар-наурыз аралығында Қазақстанға сырттан 6,9 млн жұп ақкиім әкелінді.
Фото: ашық дереккөздерден