Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
-Мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтаймын! 2003 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы мемлекеттік қызметші күнін белгілеу туралы шешім қабылдады. Сіздерге Жаңа Қазақстан құру ісінде ерекше міндет жүктеледі. Қызметтегі негізгі қaғидаттарыңыз – адалдық, кәсібилік, құзыреттілік, aшықтық болуға тиіс. Мемлекеттік қызметшінің басты мақсаты – азаматтардың әл-ауқатын арттыру. Ел үмітін толық ақтайсыздар деп сенемін,- деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.
Фото: akorda.kz