4 жыл ішінде Қызылжар ауданында 5 кешен ашылды. Тағы 4 ферма салу жоспарланып отыр, 3 кешеннің құрылысы басталып кетті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы Қызылжар ауданының әкімі Жанат Сәдуақасов ӨКҚ өткізген брифинг барысында мәлімдеді. Оның айтуынша, мұнда 18 тауарлы-сүт фермасы жұмыс істейді, оның 50% — ы заманауи кешендер.
-Ашылған фермалар оң нәтиже беруде. Мұндай кешендердің арқасында сүт, ет өндірісінің көлемі ұлғайып, 90-нан астам жаңа жұмыс орнын ашылады, деді Жанат Сәдуақасов.
Фото: ашық дереккөздерден