Референдум күні «Ashyq» бағдарламасы қайтадан қосылуы мүмкін

Авторы: Qyzyljar News

Референдум өткізу жөніндегі орталық комиссияның отырысында Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова референдум өткізу кезінде санитарлық талаптарға қатысты жеке қаулы қабылданатын айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бас санитар дәрігер дауыс беру кезінде эпидемиологиялық жағдай нашарласа, бетперде режімі мен «Ashyq» қосымшасы қайта оралуы мүмкін екенін ескертті.

— Егер эпидемиологиялық жағдай кенеттен ушығып кетсе, бұрынғыдай мекемелерге кіре берісте «Ashyq» қосымшасы қолданылады. Сонымен қатар,тұрғындар медициналық бетперде тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтауға міндетті болады,- деді Айжан Есмағамбетова.

Айта кетейік, Қазақстан Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдум 5 маусымда өтеді.

Фото: ашық дереккөзден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz