НЗМ қызметкерлері журналистерге арнап шеберлік сағатын ұйымдастырды

Авторы: Qyzyljar News

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Петропавлдағы Назарбаев Зияткерлік мектебі өңір журналистерінің басын қосты. Мамандар бұл күні қолдарына қылқалам алып, өздерін жаңа қырынан көрсетті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Маусымның 28-інде еліміздің Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді. Мереке қарсаңында Петропавлдағы Назарбаев Зияткерлік мектебі өңір журналистеріне есігін айқара ашты. Білім ордасына облыс орталығындағы үш телеарнаның, өңірлік газеттер мен ақпараттық порталдардың редакторлары мен тілшілері жиналды. Мектеппен тығыз байланыста жүретін журналистер бұл жолы әдеттегідей қолдарына қалам мен микрофон емес қылқалам алып, өз картиналарын салу мүмкіндігін иеленді.

127

130

 

– Бастапқыда сурет салу мүлде қолымнан келмейтін іс деп ойладым. Сөйтсем, білікті маманның кеңесін тыңдасаң әдемі картина салуға болатынына көз жеткіздім. Өзіміздің жаңа қырымызды ашуға мүмкіндік бергендеріңіз үшін рахмет. Тамаша мерекелік көңіл-күй мен керемет шеберлік сыныбына ризамыз, – дейді “Хабар 24” телеарнасының “Tech news” бағдарламасының СҚО бойынша тілшісі Светлана Дроздецкая.

Облыстық “Qyzyljar” телеарнасының шеф-редакторы Индира Баймухамбет те қолына қылқаламды алғаш ұстаған журналистердің бірі.

– Назарбаев Зияткерлік мектебі бізге осындай ерекше сыйлық жасап отыр. Бұл білім ошағы – арнамызбен тығыз қарым-қатынас жасайтын мекемелердің бірі. Біз оқушылардың жетістіктері жайлы сюжеттер жасауға әрқашан әзірміз. Кәсіби мерекеміз қарсаңында жаңа форматтағы ерекше құттықтау ұйымдастырған мектеп басшылығына ризамыз, – деді Индира Баймухамбет.

Шараға қатысушыларға “Назарбаев Зияткерлік мектептері” ДББҰ Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинованың және Петропавл қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Данияр Уәлиевтың алғыс хаттары мен балалар жасаған естелік сыйлықтар тарту етілді.

143 1

Фото: НЗМ баспасөз қызметінен

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz