Қазақстанда теңгедегі депозиттер бойынша өтемақы төлеу ережелері әзірленді

Авторы: Qyzyljar News

Қаржы министрлігі жеке тұлғалардың ұлттық валютада орналастырылған депозиттері бойынша өтемақы төлеу ережелерін әзірледі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жоба жеке тұлғалардың депозиттері бойынша сыйақыны теңгемен есептеуді қарастырады және теңгедегі депозиттердің тартымдылығын арттыруға бағытталған. Бұл Қазақстанның қаржы нарығын тұрақтандыруға септесуі мүмкін. Өтемақы төлеу банк шотындағы ұлттық валютадағы жинақ немесе мерзімді депозит болып табылатын өтелетін депозиттер бойынша жүзеге асырылатын болады. Бұл ретте талап етілгенге дейінгі депозиттер, шартты депозиттер және ағымдағы банктік шоттар бойынша өтемақы төлеу көзделмеген.

Салымшыға өтемақы төлеу 2022 жылғы 23 ақпандағы операциялық күннің соңындағы жағдай бойынша қолданыста болған депозиттегі ақша сомасына әрбір қатысушы банкте 20 миллион теңге шегінде жүзеге асырылады деп көзделуде.

Егер салымшыда бағдарламаға қатысатын бір банкте бір өтелетін депозиттен артық болса, өтемақы төлеу жалпы сомасы 20 миллион теңге шегінде жүзеге асырылады. Өтемақы төлеу өз келісімін 2022 жылғы 1 қазаннан кешіктірмей растаған, өтініш берген салымшыларға беріледі.

Фото: ашық дереккөздерден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz