СҚО-да ұлттық спорт фестивалі басталды

Авторы: Qyzyljar News

Бүгін СҚО-да «Қызылжар-2022» ұлттық спорт түрлері бойынша өңірлік фестиваль басталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Спорт және дене шынықтыру басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, спорт мерекесі Шал ақын ауданының бірнеше ауылында өтеді. Жарыстар дене шынықтыру-сауықтыру кешені, спорт мектептері мен ипподромда ұйымдастырылады. Фестиваль бағдарламасына: бес асық, асық ату, тоғызқұмалақ, қазақ күресі, түйе палуан, жекпе-жек, көкпар, теңге алу, қол күресі, городки, аударыспақ, ат спорты түрлері енген.

Үш күнге созылатын жарысқа облыстың барлық 13 ауданының командалары қатысады. Жалпы 900-ге жуық спортшы бақ сынайды. Фестивальдің жабылуы және жеңімпаздарды марапаттау 26 маусымға жоспарланған.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz