СҚО-да туристік маусым ашылады

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысында туристік маусымның ашылуына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Дәстүр бойынша салтанатты шара Шалқар-Имантау курорттық аймағында өтеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Айыртау ауданында туристік маусымның ашылуына ауқымды дайындық жүріп жатыр.

— Ашылуы 25 маусым күні сағат 13.00-ге жоспарланған. Мереке кешкі тоғызға дейін өтеді. Қазір спорт алаңын дайындап жатырмыз. Барлық ниет білдірушілер балық аулау бойынша шеберлік сабақтарынан өтіп, балық аулау бойынша жарысқа қатысып, жағажай волейболына, ұжымдық және отбасылық эстафеталарға, үстел теннисіне және тоғыз құмалаққа қатыса алады. Сондай-ақ, келушілер садақ атып, ат, велосипед, квадроциклге мініп, уақыттарын көңілді өткізуге мүмкіндік бар. Ал суда серуендеуді ұнататындарға яхталар мен катамарандарда демалуларына мүмкіндік жасалған, — деді СҚО кәсіпкерлік және индустриалды — инновациялық даму басқармасы.

Сонымен қатар, меймандардың толыққанды демалулары үшін тамақ сататын орындар, бармен-шоулар және ет асу, палау басу және кәуап дайындау бойынша шеберлік сағаттары ұйымдастырылады. Туристер үшін Нұр-Сұлтан мен Петропавлдың вокалдық және би ұжымдары өнер көрсетеді.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz