Жаңа демалыс орындары салынады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Өткен жылы Имантау-Шалқар курорттық аймағында 60 мыңнан астам адам демалыпты. Бүгіндері бұл аумақта 42 демалыс орны жұмыс істеп тұр. Оның 10-ы келушілерге жыл бойы қызмет көрсетеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі mtrk.kz сайтына сілетеме жасап.

Солтүстіктің інжу-маржанын дамыту, сол арқылы көпшілікке таныту – билік пен сала өкілдерінің міндеті. Қазіргі таңда бұл жұмыс жүргізіліп жатыр. Келешекте Имантау-Шалқар курорттық аймағында 20-ға тарта жаңа демалыс орны құрылмақ.

– Өткен жылы жер телімдеріне тендер ойнатылды. Оның нәтижесінде инвесторлар анықталды. 2025 жылға қарай Имантау-Шалқар курорттық аймағында 19 туристік нысан салынады. Ғимараттар заманауи үлгіде болады. Оларда келушілер жыл бойы демалады, — дейді облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Садықов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz