«Мағжан оқуларының» республикалық кезеңіне барлығы 51 оқушы қатысып жатыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Дәстүрлі байқаудың басты мақсаты: М. Жұмабаевтың мұрасын жас ұрпаққа таныту, қазақ халқының әдеби мұраларын насихаттау, мектеп оқушыларының классикалық әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, ұлттық ой –санасының қалыптасуына ықпал ету.
Мағжан оқулары 3 номинация бойынша өткізіледі:
1.«Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» – Мағжан шығармаларын жатқа оқу байқауы;
2. «Жасынан оқу оқып, өнер қуған…» – ғылыми жоба жұмысы (Мағжан Жұмабаевтың шығармалары бойынша зерттеу жұмыстары).
3. «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» –жас дарындар конкурсы.
Сайыстан кейін қатысушыларды Мағжан еліне Сарытомар ауылына саяхатқа шығады. Марапаттау 25 маусым күні Оқушылар сарайында өтеді.