СҚО-да былтыр бизнес жобаларды іске асыру үшін 680 млн теңге грант берілді

Авторы: Qyzyljar News

Өткен жылы «Еңбек» бағдарламасына 20 мыңнан астам солтүстікқазақстандық қатысты, оның 70 %-ы – ауыл тұрғындары, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

-Халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы 11 773 адам бос орындарға жұмысқа тұрды. Мемлекеттік бағдарлама еңбек нарығындағы қажеттілікті ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға, еңбек ресурстарын қайта даярлауға мүмкіндік берді. Нәтижесінде былтыр 424 адам қайта даярлықтан өтіп, 303-і жұмысқа орналасты. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту міндеті қойылған. Нәтижесінде 887 адам курстан өтті. Жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыруға 1214 грант берілді, бұл – 680 млн теңге шамасында, — дейді СҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ринат Елжасов.

Маманның айтуынша, жаппай кәсіпкерлікті дамыту аясында 3 млрд теңгенің 588 несиесі берілген.

Pexels иллюстрациялық фотосы

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz