Солтүстікқазақстандықтар мамандандырылған ХҚКО-дағы сынып қалған көліктердің кесірінен жүргізуші куәлігін ала алмай жүр

Авторы: Qyzyljar News

СҚО тұрғындары жүргізуші куәлігін алу үшін практикалық емтихан тапсыра алмай жүргендеріне шағымдануда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Тұрғындардың сөзінше, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері қашан емтихан қабылдайтындарын өздері де білмейді. Жерлестеріміздің шағымына «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ филиалының PR-менеджері Анар Құсанова жауап берді. Оның айтуына қарағанда, 23 маусымда В санатына емтихан тапсыруға мінетін үш автомобиль бірден істен шыққан. Автокөліктер жақын арада жөнделмек.

Айта кеткен жөн, осыған ұқсас проблема мамыр айында да болды. Ол кезде мамандар бөлімдегі автоматтандырылған алаңды бөлшектеп, ескі жабдықты жетілдірілген жаңа GPS сенсорларына ауыстырғаннан кейін осындай жағдай орын алды деп түсіндірген болатын.

Фото: ашық дереккөздерден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz