СҚО-ның бас полицейі Тахтаброд ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті

Авторы: Qyzyljar News

Облыстық полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Тахтаброд ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ауыл тұрғындары аудандық полиция бөлімі бастығының баяндамасын тыңдады. Кездесу Ковыльное ауылында өтіп, оған облыстық және аудандық полиция басшылығынан бөлек аудан әкімі Серік Мұхамедиев пен жұртшылық қатысты. Кейін Айдын Қабдұлдинов тұрғындардың көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап берді. Ауылдықтар негізінен жұмыспен қамту, ІІМ-нің жоғары оқу орындарына оқуға түсу тәртібі, сондай-ақ жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өздерін мазалаған сауалдарын жолдауға мүмкіндік алды.

Есептік кездесуде белгілі болғандай, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның аумағындағы криминогендік жағдай тұрақты. Ауданда 12 ай ішінде 156 қылмыс тіркеліп, 6900-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.

Жалпы, Тахтаброд ауылдық округі облыстың оңтүстік-батысында және облыс орталығынан ең алыс орналасқан елді мекендердің бірі. Мұнда 1600-ден астам адам тұрады. Округтің бетке ұстар ауылдарының бірі Ковыльное ауылы. Соңғы жылдары бұл елді мекеннің тұрғындары алкогольді ішуден бас тартудың арқасында бірде-бір қылмыс жасамағанын атап өткен жөн. Ауыл тұрғындары алдында сөз сөйлеген Айдын Қабдұлдинов СҚО-ның Теңдік және Қарағай ауылдарынан кейін осындай бастаманы кеңейту қажет екенін айтып, осы бастама үшін ауыл тұрғындарына алғысын білдірді.

Айдын Қабдұлдинов өз сөзінде бүгінгі таңда қоғамдағы жаһандық мәселе интернет-алаяқтық екенін де атап өтті. Мұндай фактілердің саны ел аумағында артып жатыр. Ал олардан келетін шығын өте көп. Полицейлер азаматтарға қауіпсіздік шараларын белсенді және көрнекі түрде түсіндіруі тиіс. Сондай-ақ, көлік апаттарының алдын алу мақсатында облыстық полиция ведомствосының басшысы ауыл тұрғындарының назарын жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға шақырды. Кездесу облыстық полиция департаменті мәдени орталығының вокалдық тобы дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты. Погондағы әртістердің өнері шалғайдағы ауылдықтарға ұнап, жақсы көңіл-күй сыйлады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz