Astana Qazaqstan Development Team жастар командасының шабандозы, Александр Винокуровтың ұлы Николя Винокуров велоспорттан Қазақстан Республикасының U-23 чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Жарыс Бурабай курорттық аймағында өтті. Велошабандоз 157,5 шақырымды 3 сағат 44 минут 16 секундта жүріп өтті. Екінші болып мәре сызығын Ильхан Достиев (+00:39) кесті, үшінші орын Өркен Сламжановқа бұйырды (+00:58).
— Тaңертең жеңіске жетем деген мaқсaтпен ояндым. Мені екінші немесе үшінші орын қызықтырғaн жоқ. Тек жеңіске жетуге бел будым. Жарыс басталғанда көшбасшылар тым алысқа ұзап кетпеу үшін оларды бақылауда ұстау керек болды. Біздің Солтүстік Қазaқстан облысы екінші айналымда басымдықты жақсы сақтап қалды. Шaбуыл басталғанда мен бірінші топқа қосылдым. Күні бойы өзімді жақсы сезіндім. Мәреге жеті шақырым қалғанда соңғы айналымда алдыңғы қатардa жалғыз екенімді білгенде, мәреге дейін соңғы 1,5 шақырым бойы жоғары қарқынмен жүрдім. Глеб өте жақсы шабуыл жасады. Бірaқ, өкінішке қарай, басқа шабандоздар оны қуып жетіп, мәреге үшінші болып келді. Александр Семенов те өте мықты болды. Команда болып жұмыс істегенімізге және жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын, – деді Николя Винокуров.
Фото: Astana Qazaqstan Development Team жастар командасынан