СҚО-да есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жыл басынан бері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне 98 күдікті сілтеме жіберді. Оның 76-сы бұғатталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңір тұрғындары тәртіп сақшыларына 5 сілтеме жіберген. Облыс бойынша биыл барлығы 110 есірткі қылмысы анықталды, оның 41-і есірткіні өткізу бойынша, 82 келіден астам түрлі есірткі тәркіленді.
Қазіргі күні есірткі сатушылар қылмыспен қашықтан айналысады, жастарды «оңай олжамен» қызықтырып, өздеріне тартады. Дүниежүзінде зиянды затты сататын интернет-дүкендер қаптап кетті, жаңалары да ашылып жатыр. Әлеуметтік желілерде есірткі курьерлерін тарту жайлы хабарландырулар пайда бола бастады. Олар жұмыс орны ретінде ұсынылып, шын мәніндегі мақсаты жасырылады. Оларға қарсы күресте ерікті, нашақорлыққа қарсы күресте ниет білдірген адамдар көмектесе алады.
-Бүкіл қоғам нашарқорлықпен күресуге ат салысуы керек. Әрқайсысымыз жүрген жерімізде есірткінің қаншалықты зиян екенін, салдары неге әкеліп соқтыратынын айтып жүрсе, қоғам дерті аз да болсын сейілер еді, — деді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаров.