CҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті

Авторы: Qyzyljar News

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Айманов өз еркімен қызметінен кетті. Енді ол облыстық көпсалалы балалар ауруханасын басқарады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Нұрлан Айманов өңірдің денсаулық сақтау саласын 2022 жылдың қаңтар айынан осы күнге дейін басқарды. Еңбек жолын 2007 жылы Алматы қалалық № 1-ші балалар клиникалық ауруханасында дәрігер интерн, балалар хирургі болып бастаған.

2008-2013 жылдар аралығында облыстық балалар ауруханасында балалар хирургі болып қызмет атқарды.
2016-да консультативті-диагностикалық емханасы бас дәрігерінің орынбасары лауазымына бекітілді.
2016-2019 жылдары Ғабит Мүсірепов ауданының орталық аудандық ауруханасын басқарды.
2019 жылдан биылғы қаңтар айына дейін СҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының емдеу-алдын алу жұмыстары жөнінен орынбасары қызметін атқарды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz