СҚО-да ауыл-қалаларды көгалдандыру ережелеріне өзгерістер енгізіледі

Авторы: Qyzyljar News

СҚО-да қалалар мен елді мекендер аумағындағы жасыл желекті күтіп ұстау және қорғау ережелері өзгертіледі. Тиісті қаулы жобасы ашық нормативтік-құқықтық актілердің сайтында жарияланды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қаулы жобасына сәйкес, ауыл-қалалардағы барлық өсімдіктер есепке алынады. Ережелердің басым бөлігі ағаштар мен бұталарды кесу, басқа жерге отырғызуға қатысты. Оған сәйкес, ағашты басқа жерге көшіру үшін топырағымен бірге алынып, ұдайы күтім жасалады.

Құрылыс компанияларына талаптар күшейеді. Ағаштарды тек уәкілетті органның рұқсаты бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес кесе алады. Кесілген әр ағаштың орнына 10 көшет отырғызуға міндеттеледі. Жапырақты ағаштардың биіктігі кемінде 2,5 м, қылқан жапырақтылар кемінде 2 м болуы тиіс. Және отырғызғанда тез жерсінуі үшін топырағымен әкелінуі тиіс. Егер ағаштарға зақым келсе, қайтадан отырғызылып, үш жыл бойы оларға күтім жасалады. Құжатты әзірлеушілер ереже мемлекеттік орман қоры учаскелерінде және республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда, жеке тұрғын үй және жеке қосалқы шаруашылық аумақтарында, саяжай учаскелерінде өсетін ағаштарға қатысы жоғын атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz