Есіл ауданының орталығы Явленкадағы агроқұрылымның қоймасынан өрт шығып, құтқарушылар 6 сағат бойы қызыл жалынмен арпалысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бос тұрған қойманың шатыры өртенген.
— Сағат 15:31-де «Ғасыр Астық» ЖШС аумағында 1200 шаршы метр алаңда қойма шатыры өртенді. Қойманың жалпы ауданы 2400 шаршы метрді құрайды. Өрт сағат 21: 26-да сөндірілді. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Тілсіз жауды ауыздықтауға департаменттің 24 қызметкері мен 8 техника, ерікті өрт сөндіру құрамалары мен орман шаруашылығының өкілдері тартылды, — деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.