Петропавлдағы жоғары медицина колледжіне жерлесіміз Жұмағали Тілеулиннің есімі берілуі мүмкін

Авторы: Qyzyljar News

Ономастика комиссиясының қарауына Петропавлдағы жоғары медицина колледжіне Алаш қайраткерлері, жерлесіміз Жұмағали Тілеулиннің есімін беру және Шал ақын ауданындағы – 12, Айыртау ауданындағы – 3, Аққайың ауданындағы — 4 көшені қайта атау туралы ұсыныстар келіп түскен. Аталған мәселелер бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқаны оқушылар сарайында «Қызылжар өңірінің тарихы» тақырыбында өткен алқа мәжілісінде айтылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Биыл Жамбыл аудандық кітапханасына қаламгер Сафуан Шәймерденовтің, Шал ақын ауданындағы қазақ орта мектебіне Кәкімбек Салықовтың, Қызылжар ауданындағы Новоникольское орта мектебіне Геннадий Зенченконың есімін беру туралы ұсыныстар республикалық ономастика комиссиясының қарауына жолданды. Бұдан басқа, аудандардағы 33 көшені қайта атау туралы ұсыныс қаралған.

–Өз басым ономастика тақырыбы қаузалған көптеген жиналысқа қатыстым. Елдік мүддені көздемейтін небір адамдарды кезіктірдім. Мәселен, «Чапаевта тудық, сонда өлеміз» дейтін кертартпа пікірдегі адамдар Қызылжар өңірінде де жетіп артылады. Оларға саналарында саңылау пайда болатындай түсіндіруіміз керек. Бұл мәселе – халыққа ортақ. Жер-суымызға, қала, елді мекендерімізге Тәуелсіздіктің лебі сезіліп тұратын атау берсек, ешкім қарсы бола қоймас. Осы жайтты болашақта Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық филиалдары да қолға алуы керек, – деді қоғам қайраткері, тарихшы Дос Көшім.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz