Петропавл әуежайы тағы да кейін сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға табыстау үшін сатылымға шығарылды. Бұл жолы баға өткендегіден 2 есе арзан, 2,8 млрд теңгеге саудалануда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Бағалаушылар Петропавл әуежайының бір ғана ұшу-қону жолағының құнын 2 млрд теңгеге бағалады. Қоса кеткен жөн, 2014 жылдан 2016 жылғы 16 желтоқсанға дейін республикалық бюджет есебінен нысанды жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде ұшу-қону жолaғы 10 см –ге қалыңдады. Жолaқ 2800 метрге дeйін ұзaртылып, 45 метрге дейін кеңeйді.
Фото: ашық дереккөздерден