«IQanat» республикалық олимпиадасында солтүстікқазақстандық оқушылар үздік нәтиже көрсетті

Авторы: Qyzyljar News

Маусымның 21-і мен 25-і аралығында Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев университетінде ауыл мектептерінің 8 сынып оқушылары арасында «IQanat» олимпиадасының үшінші республикалық жиыны өтті. Білім сайысының ақтық сынына 52 солтүстікқазақстандық бала жолдама алып, финалда үздік нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Олимпиаданың жабылу салтанатына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, «IQANAT білім беру қоры» ҚҚ Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаев, қордың қамқоршылары мен жоба тәлімгерлері қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша Қызылжар ауданы Бескөл мектеп-колледжінің оқушысы Мансұр Мәженов физика пәнінен 1 орынға ие болды. Қызылжар Абай орта мектебінің оқушысы Жансар Садриев химиядан 3 орын алды. Физика пәні бойынша Шал ақын ауданы Крещенка орта мектебінің шәкірті Юлия Толстенко және тарихтан Аққайың ауданы Рублевка орта мектебінің оқушысы Ернұр Сағи 2 орынға табан тіреді. Сондай-ақ, биология пәні бойынша Мағжан Жұмабаев ауданы Полтавское орта мектебінен барған Сабыржан Кенжеғарин мен мамлюттік Вадим Салютин 3 орын иеленді. Есіл ауданы Бұлақ орта мектебінің оқушысы Аяулым Әскер география пәнінен 3 орын алғаны үшін дипломмен марапатталды.

Іріктеу қорытындысы бойынша солтүстікқазақстандық 8 оқушы дарынды балаларға арналған IQanat High School of Burabay мектеп-интернатына қабылданды. Жеңімпаздар қатарында Мансұр Мәженов, Вадим Салютин, Юлия Толстенко, Ділнәз Жақыпова, Шыңғыс Насрула, Арлан Атнагулов, Әнуар Амангелді, Нұртілеу Әбдікерім бар.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz