Өңір жетекшісі Құмар Ақсақалов қазақ музыкалық театрының жаңа ғимараты қай кезде тапсырылатынын айтты. Еске салсақ, өнер ордасының құрылысы осыдан 4 жыл бұрын басталған. Жоспарға сәйкес, Сәбит Мұқанов атындағы қазақ театры 2019 жылдың аяғында қолданысқа берілуі қажет еді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
-Бюджеттен қажетті ақша бөлінген, қаржы жағынан ешқандай проблема болған жоқ. Соған қарамастан мердігер өз міндеттерін орындай алмады. Біз оларға бірнеше рет мүмкіндік бердік, тиісті хаттар да бар. Бірақ келісімшартты бұзуға тура келді, — деді облыс әкімі.
Қазіргі кезде жаңа мердігермен келісімшарт рәсімделді.
-Жылдың аяғына дейін осы маңызды әрі қажетті жобаны аяқтаймыз деп ойлаймын. Сөйтіп, Сәбит Мұқанов атындағы қазақ музыкалық-драма театрын ашамыз, — деді Құмар Ақсақалов.