Шетелдіктің еңбегін заңсыз пайдаланған солтүстікқазақстандық 150 мың теңгеден астам айыппұл төледі

Авторы: Qyzyljar News

Жергілікті серіктестіктердің бірінің директоры нысандардың құрылысына Өзбекстан азаматтарын заңсыз пайдаланған. Қазақстан Республикасы көші-қон заңнамасына сәйкес шетелдік жұмыс күшін пайдалану үшін заңды тұлға жергілікті атқарушы органдардың рұқсатын алуы тиіс. Заңбұзушы бұл әрекеті үшін 150 мың теңгеден астам айыппұл төледі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Кәсіпкер осыған дейін де шетелдіктерді жұмысқа заңсыз тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бұл жолы оған қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 519-бабы 3-бөлігі «Шетелдiк жұмыс күшiн және көшiп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып еңбекке тарту» бойынша материал жинастырылды.

-Аталған бұзушылық маусымның 27-нен шілденің 4-і аралығында өткізілген жедел-профилактикалық іс-шара кезінде анықталды. Фермерлік және шаруа қожалықтары, ауыл шаруашылық кәсіпорындары, құрылыс объектілері, базарлар, вокзалдар мен шетелдіктердің жүруі мүмкін орындар тексерілуде, — деді СҚО полиция департаменті көші-қон қызметінің бастығы Талғат Әбілов.

Жалпы жедел-профилактикалық іс-шараның 3 күнінде 190 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұдан бөлек, шақырылған шетелдіктермен белгіленген елде болу қағидаларын бұзғаны үшін 140 Қазақстан азаматына қатысты материалдар жинастырылды, шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланудың 14 фактісі анықталды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz