Шілдеде күн ыстық болып, жиі жаңбыр жауады

Авторы: Qyzyljar News

Шілде айының бірінші онкүндігінде Қазақстанның басым бөлігінде циклонның әсерінен және атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қазақстанның батыс өңірлерінде айдың басында, елдің қалған аумақтарында — шілде айының бірінші онкүндігінің ортасында жаңбыр жауады.

Шілде айында найзағай ойнап, бұршақ жауып, дауыл соғады деген болжам бар.Секундына 15-25 метрге жететін жел соғады. Солтүстік теңіз аудандарынан суық ауа массаларының басып кіруімен елдің солтүстік жартысында ауа температура түнде +5+13°С, күндіз +18+28 ° С-тан төмендейді деп күтілуде.

Республиканың оңтүстік жартысында сынап бағанасы түнде +20+25°С-тан +12+20°С-қа дейін, күндіз +30+38°С-тан +23+30°С-қа дейін жетеді деп болжанады.

Шілденің бірінші және екінші онкүндігінің басында күн ысып, елдің оңтүстік-батыс жартысында термометр бағамы +30+40°С дейін көтеріледі. Солтүстікте, орталықта және шығыста сынап бағанасы +25+33°С дейін жетеді.

Айдың ортасында күн салқындап, республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, оңтүстік және батыс өңірлерде шаңды дауыл соғып, жел күшейеді.

Айдың екінші жартысында елдің оңтүстік жартысында түнде сынап бағанасы +15+20°С-тан +18+25°С-қа дейін, күндіз +25+30°С-тан +35+42°с-қа дейін, солтүстік жартысында түнде +10+15°С-тан +15+20°С-қа дейін, күндіз +20+28°С-тан +28+35°С-қа дейін көтеріледі.

Фото: ашық дереккөздерден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz