СҚО-да 125 адам өткір ішек инфекциясына шалдыққан. Науқастанғандардың басым көпшілігі — 14 жасқа дейінгі балалар, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ауру жұқтыру көрсеткіші 21% — ға төмендеген.
— Әсіресе, жаз мезгілінде көптеген ұсақ организмдер көбейіп, жылдам жарайды. Бұл кезде ересектер мен балалар гигиена ережелерін ұмытып, жемістер пен көкөністерді дұрыс жумай жатады, — деді баспасөз қызметінің өкілдері.
Департамент мамандары ішек инфекциялары таралуы бойынша тұмау мен жіті респираторлық инфекциялардан кейін екінші орында екенін атап өтті.
Фото: ашық дереккөздерден