СҚО-да алғаш рет «QYZYLJAR MUSIC Fest» халықаралық фестивалі өтпек

Авторы: Qyzyljar News

Музыкалық фестиваль шілденің 1-і мен 7-сі аралығында өтеді. Бір апта бойы бас алаңда дәстүрлі және классикалық музыка, джаз, эстрада, хореография өнерінің концерттері өтеді, «Астана-Опера» театрының «Жібек саты» операсы қойылмақ, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Фестивальдің ашылу салтанаты 1 шілде күні сағат 19.00-де өтеді. Бұл күнгі концерттік бағдарлама дәстүрлі музыкаға арналған. Оған «Сегіз сері», «Әлқисса» фольклорлық ансамбльдері, «Әдемау», «Туған жер» би ансамблдері, дәстүрлі әншілер — Жанат Айтбаев пен Біржан Есжанов, Ғалымжан Нұрпейісов, Еркебұлан Кәріпов, «Құрмет» орденінің кавалері Дәмеш Құрманкина, сондай-ақ фестиваль қонақтары Ерлан Рысқали, Нұрболат Арзамас қатыспақ. Ал келесі күні Ақан сері атындағы облыстық филармонияның эстрадалық және джаз музыкасы оркестрі мен эстрадалық-симфониялық оркестр өнер көрсетеді.

Шілденің үші хореографияға арналмақ. Бұл күні Башқұртстаннан келген «Айтуған» халық би ансамблі мен солтүстікқазақстандық бишілер өнерлерін паш етеді.

Шілденің 4-і Халық әртісі Айман Мұсақоджаеваның және ҚазҰӨУ студенттік симфониялық оркестрінің концертін тамашалауға болады. Сонымен қатар, дәл осы күні талайдың ыстық ықыласына бөленіп жүрген Мирас Жүгінісов ән шырқайды. Әрі алаңда Ақан сері атындағы облыстық филармония әртістері өнер көрсетпек.

5-і күні Марио Стефано Пьетродарканың «Астана-Опера» театрының солисі Бағдат Әбілханов пен эстрадалық-симфониялық оркестрдің қатысуымен танымал классикалық музыка кеші өтеді.

6 шілде Ақан сері атындағы облыстық филармония әртістері өнер көрсетіп, «Астана Опера» опера және балет театрының «Жібек саты» опера-фарсы көрерменге жол тартады.

Келесі күні Крефельд және Менхенгладбах қалаларының біріккен театрының солисі, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнер қайраткері, жерлесіміз Қайыржан Жолдыбаевтың қатысуымен гала-концерт пен фестивальдің жабылу салтанаты өтеді.

Фото: ашық дереккөздерден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz