СҚО-да 528 адам наркологиялық есепте тұр

Авторы: Qyzyljar News

СҚО полицейлері нашақорлық тұлыбын өртеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Мамлют ауданында полицейлер нашақорлық тұлыбын өртеді. Аудандық полиция бөлімінің бастығы Петр Климовтің айтуынша, саламатты өмір салтын насихаттауда мұндай іс-шаралардың алатын орны зор. Жастар арасында нашақорлықтың алдын алуға бағытталған түрлі іс-шаралар облыс бойынша өткізілуде.

-Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері СПИД-орталығының мамандарымен бірге «Берёзка», «Достық» және «Сосновый бор» лагерлеріне барды. Олар жастарға есірткінің зияны туралы айтып, салдары неге алып келетініні түсіндірді. Петропавлда Жастар орталығымен бірге жоғары сыныптағы жасөспірімдерге есірткіге тәуелді болған адамның қатысуымен дөңгелек үстел өткізу жоспарланып отыр,-деді СҚО полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Иван Терзиди.

Бүгінгі таңда облыста 528 адам наркологиялық орталықтың есебінде тұр, оның 2-уі кәмелетке толмаған.

Фото: СҚО ПД баспасөз қызметінен

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz