Жыл басынан бері полицейлер 636 килограмм есірткі затын тәркіледі

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО полицейлері халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күнін ашық аспан астындағы ерекше концертпен қарсы алды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ауа райының қолайсыздығына қарамастан қаланың өнер ұжымдары мен спортшылар облыс орталығының тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Көрермендер үшін әсерлі әндер мен билер, спорт мектебінен келген жас каратэшілердің өнері көрсетілді.

Шарада есірткі іздеуге үйретілген спаниель «Грета» концерттің «жұлдызы» болды. Кинолог-инспектор Александр Борисенко көрермендер арасынан еріктіге құрамында есірткі бар имитатор салынған пакетті жасыруды сұрады. Көрермендердің көз алдында «Грета» сынақтан сүрінбей, имитаторды тауып алды. Сондай-ақ концертте СҚО ПД бастығының орынбасары Руслан Назаров өскелең ұрпақтың бойында есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыруға үлес қосқан белсенділерді марапаттады.

– Концерттік бағдарламадағы әрбір қатысушының орындаған өнері арқылы есірткісіз өмірді таңдаған кез келген адам үшін зор мүмкіндіктер бар екенін көрсетпек болдық. Бұл Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні шеңберіндегі айлықтың соңғы іс-шарасы. Барлығы 45 профилактикалық іс-шара өткізілді. Саламатты өмір салтын насихаттауда полиция қызметкерлеріне көмек көрсеткен барлық азаматтарға алғысымызды айтамыз. Барлық азаматтарды есірткіден аулақ болуға шақырамыз, – дейді Руслан Назаров.

Жыл басынан бері облыс полицейлер 636 келі түрлі есірткі тәркіледі, оның бір келіден астамы – синтетикалық есірткі. Есірткінің заңсыз айналымы саласында 120 қылмыс тіркелді, оның 48-і – өткізу фактісі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz