Петропавлда 1 115 көппәтерлі тұрғын үйдің үшеуі жылыту маусымына дайындық паспортын алды, 167 – і техникалық жағынан жылуды қабылдауға дайын, Qyzyljarnews.kz тілшісі.
-Техникалық ақаулар жиі орын алады. Өйткені, жылу желілері тозған, оларды ауыстыру бойынша жыл сайынғы орындалатын жұмыстар көлемі жеткіліксіз, — деді Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Самат Ақжігітов.
Мамандар 1 қыркүйекке дейін алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын аяқтауды жоспарлап отыр.
Қала тұрғындары наурыз айында жылу электр орталығының жартылай опырылған мұржасына байланысты алдағы жылыту маусымында проблема туындайды деп ойлап отыр. Қоғамдық кеңес отырысында жылу орталығының жабдықтары 60% — ға тозғаны туралы айтылды.
Өңірде жылу беру маусымының басталуына 2-2, 5 ай қалды. Айта кетсек, былтыр қыркүйекте басталған еді.