Биыл СҚО-да 27 білім беру нысанында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл мақсатқа 2,4 млрд.теңгеден астам қаражат жұмсалады. Оның ішінде «Ауыл — Ел бесігі» бағдарламасы бойынша 1,9 млрд.теңгеге 20 нысан жөнделеді. Жеті мектептің жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 484,7 млн.теңге бөлінді.
— Барлық нысандар бойынша конкурстық рәсімдер аяқталды, келісім-шарттар жасалды. Қазіргі таңда шатыр, терезе және есік блоктарын, жылыту, электрмен жабдықтау жүйелерін ауыстыру жүргізілуде. Ішкі, сыртқы және электр монтаждау жұмыстары атқарылып жатыр, — деп хабарлады баспасөз қызметі.