Солтүстікқазақстандық статистер өткен жылы атмосфераға қанша зиянды зат түскенін есептеді. Ведомство өкілдерінің мәліметінше, ауаға түсетін зиянды ағзалар саны бір жыл ішінде 20% — ға төмендеген, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Ұлттық статистика бюросы департаментінің мәліметінше, 2021 жылы облыста ауаны ластаудың 15 612 стационарлық көзі болған. Оның 12% тазарту қондырғыларымен жабдықталған. Олар келіп түскен ластаушы заттардың жалпы көлемінің 92% — ын аулап, залалсыздандырды.
Ауа бассейніне 61,2 мың тоннадан астам зиянды заттар түсті. Алайда, шығарындылар бір жыл ішінде шамамен 20% төмендеген. Атмосфераға түсетін ластаушы заттардың жалпы көлемінің 64% – ын газ тәрізді және сұйық заттар, шамамен 36% — ын қатты заттар құрайды.
Шығарындылардың ең көп саны Петропавлға тиесілі – 49%, аудандар арасында осы көрсеткіш бойынша көш бастап тұр. Ғ. Мүсірепов, Тайынша және Айыртау.