Түркістан облысында жоғалып кеткен жасөспірімдер СҚО-дан табылды

Авторы: Qyzyljar News

Полицейлер Петропавлда Пестрое көлінің маңында Түркістан облысында жоғалып кеткен жасөспірімдерді тапты, деп хабарлайды Qyzyljarnwews.kz тілшісі.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 жастағы бала 3 досымен бірге ел аралаймыз деп шығып кеткен. Барлығы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жеткізілді. Ата-аналарына ұлдардың қайда екені туралы ақпарат жіберілді.

Осыған дейін Пестрое көлінде тағы бір жеткіншек табылды. 12 жастағы бала маусым айында үйінен кетіп қалған екен.

– Ата-аналарды балаларына көбірек көңіл бөліп, не нәрсеге қызығып, кіммен араласатынына ерекше назар аударуға шақырамыз, – деді жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Рустам Садулов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz