СҚО-да қантты қымбаттатқандарға айыппұл салынады

Авторы: Qyzyljar News

СҚО әкімдігі қант бағасын көтергендерді жазалауға көшті. Енді тәтті өнімнің бағасын негізсіз көтерген кәсіпкерлерге айыппұл салынады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қазір облыстағы кез келген дүкенде қанттың келісі 900 теңгеден саудалануда. Сондықтан қазір шенеуніктер оның құнын тиісті мөлшерден асырып, саудасын қыздырып жатқандарды іздеуге кірісті.

-Жеміс-жидек пісіп, тосап қайнататын мезгілде бағаны ауыздықтаудың одан басқа амалы жоқ, — дейді олар.

Жуырда қантты белгіленген мөлшерден қымбатқа саудалаған екі компанияға ескерту жасалды. Енді әкімдік қантты әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы сауда орындарына тікелей жеткізуді көздеп отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz