Қазақстанда ет те қымбаттайды

Авторы: Qyzyljar News

Қазақстандағы ет одағының болжауына сүйенсек, ет тағы да қымбаттайды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қазіргі таңда сиыр етінің бір келісінің өзі 4 мың теңге тұрады. Алдағы уақытта бұл баға одан әрі көтеріліп кетуі мүмкін. Айта кетсек, біздің еліміз ет тұтынудан әлем бойынша 49-шы орында тұр.

Сарапшылардың сөзінше, делдалдар еттің бағасын көтеріп жіберетіндіктен қымбатқа шығады. Тіпті кейде үстінен 50%-ға дейін қосады. Осыдан кейін қарапайым сатушылар етті үстеме бағамен саудалауға мәжбүр. Сонымен қатар, күзде арпаның да бағасы өсіп, ірі ет инвесторлары тапшы болады деген болжам бар. Сарапшылардың пікірінше, мұның барлығы алдағы уақытта шығынның өсуіне әкеледі.

-Біз Қазақстанды сиыр етімен толық қамтамасыз ете аламыз. Импорт та келіп жатқандықтан бағаға әсер етеді, — деді Қазақстан ет одағының атқарушы директоры Асқар Жұбатыров.

Асқар Жұбатыров егер мемлекет жем-шөп базасын ұлғайту шараларын қабылдамаса, баға төмендемейтінін айтты.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz