СҚО-да тағы да балық қырылды. Бұл жолы Жамбыл ауданындағы Айтуар ауылы маңындағы Тұзды көлде 400 келіге жуық балық өлді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО бойынша экология департаменті өкілдерінің мәліметінше, мамандар оқиғаға байланысты Жамбыл ауданындағы Айтуар ауылына барып, су қоймасының жағалауын тексерді. Нәтижесінде, 400 келіге жуық пелядь, тұқы, мөңке балығының өлекселері табылды. Зертханалық талдау жүргізу үшін су сынамалары мен өлген балық алынды. Әзірге балықтың неден қырылғаны белгісіз.