Нұр-Сұлтан қаласының «сары аймаққа» өтуіне байланысты шектеу шаралары енгізілді

Авторы: Qyzyljar News

Коронавирустың күрт өршуіне байланысты елордалықтарға адамдар көп шоғырланатын орындарда, қоғамдық көліктерде медициналық маска тағу ұсынылады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

23 шілдеден бастап қатысушылар саны 10 адамнан асатын жиындар қашықтан өткізілмек.

«Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, қалалық кәсіпкерлер палатасы, мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар, кәсіпорындардың, ұйымдардың басшылары, кәсіпкерлік субъектілері жүкті әйелдердің, COVID-19 вакцинациясына абсолютті қарсы көрсетілімі бар қызметкерлердің және COVID-19 науқаспен байланыста болған адамдардың (міндетін дистанциялық форматта орындау мүмкін емес санаттарды қоспағанда) қашықтықтан жұмыс істеу форматына көшуді қамтамасыз етсін», делінген құжатта.

Сондай-ақ, шілденің 23-нен бастап Нұр-Сұлтандағы білім беру нысандарында топтар мен сыныптарды біріктірген іс-шаралар өткізілмейді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz