Петропавлдағы тұрғын үйдің шатыры құлады, деп хабарлайды qyzyljarnews.kz тілшісі.
Бұл екі қабатты ескі үйдегі үйдегі алғашқы апат емес, бұрын да бірнеше рет осы тектес жағдайлар болған. Кіреберістің шатыры түнде құлады, сондықтан зардап шеккендер жоқ. Үй тұрғындарының көпшілігі зейнеткерлер мен әлеуметтік аз қамтылған отбасылар. Сондықтан ағаш ғимаратты жөндеуге ақшасы да күші де жетпейді
— Бізге қандай да бір қаражат бөлу үшін көмек сұраймыз. Өз күшімізбен істей алмаймыз алмаймыз. Біз шатыр мен кіре берісті жаңартуға қанша қаражат кететінін есептедік, 7 миллон теңге қажет. Мұндай ақшаны қайдан аламыз, — дейді үй тұрғыны Ксения Падеркина.
Тұрғындар жергілікті билікке бірнеше рет жүгінгендерін айтады. Мысалы, өткен жылы осы кіреберісте екінші қабаттан пеш құлаған. Оқиға орнына ТЖД қызметкерлері мен әкімдік өкілдері келіп тексергенімен, үйді апатты деп таныған жоқ.
Қала әкімдігінде аталған мәселе бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлады.
— Қазір бізде комиссия құрылады, оның басшылығымен үйді апаттық жағдайда деп тану туралы техникалық тексеріс жүргізіледі, соның қорытындысын күтеміз. Техникалық қызмет көрсетілгеннен кейін жөндеу жұмыстары жүргізіледі, — деді қалалық ТҮКШ, жолаушы тасымалдау және автожолдар бөлімінің баспасөз хатшысы Әсем Айтулова.
Қалалық әкімдікте сондай — ақ, егер тексеру нәтижелері екі қабатты ғимаратта тұру қауіпті екенін көрсетсе, қала тұрғындары мемлекеттік қордан тұрғын үйге жалпы кезекке тұра алады немесе жеңілдетілген мөлшерлемемен ипотекалық несие алуына болады.