Өткен тәулікте 2684 қазақстандықтың бойынан COVID-19 дерті анықталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Әдеттегідей, қауіпті вирусты жұқтырғандардың басым көпшілігі – елордалықтар. Нұр-Сұлтанда – 864, Алматыда– 505, Шымкентте – 84, Ақмола облысында – 89, Актөбе облысында — 33, Алматы облысында – 73, Жетісу облысында– 74, Атырау облысында – 68, ШҚО-да — 20, Абай облысында – 43, Жамбыл облысында – 81, БҚО-да – 52, Қарағанды облысында – 379, Ұлытау облысында – 41, Қостанайс облысында– 49, Қызылорда облысында– 102, Маңғыстау облысында– 34, Павлодар облысында – 49, СҚО-да – 24, Түркістан облысында 20 жағдай тіркелді.