СҚО-да республикалық маңызы бар жолдар жөнделеді

Авторы: Qyzyljar News

СҚО-да республикалық маңызы бар 241 шақырым автожолға орташа жөндеу жүргізіледі. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол «ҰК» АҚ филиалы хабарлады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Магистральдарды жөндеу бойынша «Жезқазған-Петропавл» тас жолының екі учаскесінде және «Булаево-Возвышенка-Молодогвардейское-Киров-Қиялы-Рощинское» учаскесі бойынша жобалар екі жылға жоспарланған. Биыл барлығы 180 шақырымын жөндейді. «Волошинка-Сергеевка-Тимирязево», «Нұр-Сұлтан — Петропавл» автожолдарының екі учаскесінде, «Көкшетау-Рузаевка» және «Мамлютка-Қостанай» бағытындағы үш учаскеде жөндеу жұмыстары аяқталады.

Сонымен қатар, автожолдардағы шұңқырларды жөндеу де жүргізіледі. Биыл, 60 мың шаршы метр асфальтты ауыстыру жоспарланған. Қазір «Петропавл-Көкшетау», «Явленка-Сергеевка-Новоишимка», «Мамлютка-Пресновка-Қостанай облысының шекарасы», «Петропавл-Булаево-РФ шекарасы (Омбыға)», «Чкалово-Талшық-Кішкенекөл-РФ шекарасы», «Новоишимка-Рузаевка- Чистополье» учаскелерінде жұмыстар жүргізілуде.

Жол ұйымының қызметкерлері маусым бойы трассаларда 990 жол белгісін, 100 ақпараттық панно мен нұсқағыштарды, 500 сигналдық бағандарды, 1500 катафот пен 370 шақырымдық нұсқағыштарды ауыстыруды жоспарлап отыр. 620 шаршы метр дыбысты жолақ пен 1 449 шақырым жолда жаңа жолақ салынады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz