Солтүстікқазақстандық полицейлер екі күнде 6 киберқылмысты ашты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
26-27 шілде аралығында тәртіп сақшылары «Anti-fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасы режімінде жұмыс істеді. Нәтижесінде 6 интернет-қылмыс анықталып, ашылды. Бұдан бөлек, ақпараттық технологиялар саласындағы бұрын жасалған 14 қылмыс ашылды. Оның біреуі қаскөй банк карточкасының пин-кодын біліп, ұрлық жасаған. Қалғандары – бөтен біреудің атына несие рәсімдепті.
Olx.kz, Krisha.kz, Kolesa.kz сайттарындағы, ВКонтакте, Instagram әлеуметтік желілеріндегі, алаяқтар қылмыстық мақсатта пайдаланатын өзге де белгілі ресурстардағы хабарландыруларға күшейтілген түрде мониторинг жүргізілді. Осы ретте бір автокөлікті бірнеше қалада сату туралы үш жалған хабарландыру анықталды.
-Бұдан бөлек, Instagram-да спорттық киім сататын жалған дүкеннің аккаунты анықталды. Алаяқтар Петропавлдағы мекенжайды көрсеткен, ал шындығында ол жерде ешқандай сауда нүктесі болмай шықты. Іс-шараның үш күнінде заңға қайшы контенті бар 60 сілтеме анықталып, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне тексеру және бұғаттау үшін жіберілді, — деді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.