Жыл басынан бері СҚО-да 184 жол-көлік оқиғасы тіркелді

Авторы: Qyzyljar News

Жыл басынан бері облыс аумағында 184 жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Өткен бейсенбі күні сағат 13:15 кезінде «Челябі-Новосібір» автожолының 559-шы шақырымында «Volkswagen Passat» автокөлігінің жүргізушісі алдында келе жатқан көлікті басып озамын деп, қосымша жолға бұрылып жатқан «Mitsubishi Montero Sport» автокөлігімен соқтығысты. Салдарынан, «Volkswagen Passat» машинасының жүргізушісі мен жолаушысы облыс орталығындағы медициналық мекемеге жеткізілді.

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабы «Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы» бойынша материал жиналды.

— Қозғалысты бастаған кезде арнайы ескертетін жарықтарыңызды қосуды ұмытпаңыздар. Бір бағытта кетіп бара жатқан көліктердің жүргізушілері уақтылы байқамай, тиісті шаралар қабылдап үлгере алмай қалуы мүмкін. Осылайша сіздер өзіңізді және жол қозғалысының басқа да қатысушыларын қауіптен сақтайсыздар, — дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Александр Розбах.

СҚО-да жеті айда 184 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан, 24 адам қайтыс болды, 277 адам жарақаттар алды.

Фото: СҚО ПД баспасөз қызметінен

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz