Үндістанның Ченнай қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік Олимпиадада Қазақстан шахматшылары бесінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Қазақстан ерлер құрамасы Латвия құрамасымен кездесу өткізіп, 4:0 есебімен ірі жеңіске жетті. Ел намысын Ринат Жұмабаев, Әлішер Сүлейменов, Арыстанбек Оразаев және Қазыбек Нөгербек қорғады. Қазақстан әйелдер құрамасы кубалық қарсыластармен кездесіп, 3-1 есебімен жеңіске жетті.
Қазақстан әйелдер құрамасында Жансая Әбдімәлік, Бибісара Ассаубаева, Ксения Балабаева және Гүлісхан Нахбаева өнер көрсетті.