СҚО-да жыл басынан бері 913 велосипед ұранды

Авторы: Qyzyljar News

Жыл басынан бері Солтүстік облысында 913 велосипед ұрлығы тіркелді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жаздың басында Петропавлдағы Васильев көшесіндегі ашық жатқан подъезден бірден үш велосипед ұрланды. Иелері мүліктерінің жоғалғанын бірнеше күннен кейін ғана байқаған. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 400 мың теңгеден асады. Жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдіктілер ұсталды. Олар Нұр-Сұлтан қаласының 19 және 22 жастағы тұрғындары болып шықты. Ұрланған екі дөңлекті көлік интернет арқылы сатылған. Екі велосипед табылып, иелеріне қайтарылды.

-Өз мүлкіңізді аз уақытқа болса да қараусыз қалдырмаңыз. Велосипедті подъездерде, түнгі уақытта үй жанында қалдыру қауіпті, арнайы құлыптау құрылғысы болса да, оларды жертөледе немесе пәтерде сақтағандарыңыз абзал. Ұсталған, құжаттары жоқ велосипедтерді сатып алмаған жөн. Оның ұрланғандығы анықталған жағдайда тәркіленеді, — дейді Петропавл қаласы ПБ бастығының міндетін атқарушы Әлібек Ғабдуллин.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz