СҚО-ның 9 ауданында тұрмыстық қалдықтар полигоны салынбақ

Авторы: Qyzyljar News

СҚО-ның 9 ауданында тұрмыстық қалдықтар полигонын салу жоспарлануда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

-Жоспарға сай аудандарда 9 тұрмыстық қатты қалдықтар полигонын салу көзделген, 2023 жылға дейін аяқтауымыз қажет. Олар аудандарда салынады, қажетті сметалық құжаттар жасалды, бүгінде сараптамадан өтіп жатыр. Қаражат бөлінген жағдайда іске кірісеміз, — дейді СҚО экология департаментінің басшысы Азамат Бектасов.

Департамент басшысының айтуынша, 2020 жылы өңірдегі экологиялық мәселелерді шешу бойынша кешенді жол картасы әзірленді. Бұл картаны экология министрлігі және СҚО әкімдігі бекіткен. Құжат 7 бағыт, 15 іс-шарадан тұрады. Олардың қатарында тұрмыстық қатты қалдықтар полигонын салудан бөлек, ауаны ластайтын заттардың көлемін азайту, кәріз жүйелерін қалпына келтіру, көгалдандыру мәселелері қамтылған.

Айта кетсек, бүгінде біздің өңірде қоқыс төгетін 454 жер бар, оның 15-і ғана заңды. Тек 333-і ғана мемлекеттік жер актісіне ие. «Қазақстан ғарыш сапары» арқылы биыл 80 қоқыс үйіндісі анықталды. Былтыр 363-і анықталған еді. Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдардың күшімен заңсыз қоқыс орындары жойылып жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz