Петропавлда есірткі таратумен айналысқан бойжеткен 11 жылға сотталды

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлда есірткі таратумен айналысқан бойжеткен 11 жылға сотталды. Енді оны нашақорлықтан мәжбүрлеп емдейтін болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавлда есірткіні белгіленген орынға жасырып, таратып жүрген 22 жастағы қызға қатысты сот үкімі заңды күшіне енді. Ақпан айында одан 5 граммға жуық, яғни аса ірі көлемде синтетикалық есірткі тәркіленген. Сот үкіміне сәйкес ол 11 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын өтеу орнында есірткіге тәуелділіктен мәжбүрлі түрде емделетін болады.

— Биыл СҚО-да есірткіні арнайы орынға жасырып, таратқан 22 адамға сот үкімі шықты. Олардың 12-сінің жасы 25-тен аспайды. Қылмыскерлер орта есеппен 10 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, — дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Жандос Басыбаев.

Жыл басынан бері облыста 146 есірткі қылмысы анықталды, оның 46-сы тарату фактісі. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Заңсыз айналымнан 333 килограмм түрлі есірткі, оның ішінде бір жарым килограмм синтетикалық есірткі тәркіленді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz