Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 324 жаңа жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Өткен тәулікте Нұр-Сұлтан қаласында – 62,Алматы қаласында – 29,Шымкент қаласында – 2 ,Абай ауданында – 9, Ақмола облысында – 27, Ақтөбе облысында – 11,Атырау облысында – 8,Шығыс Қазақстанда – 12,Жамбыл облысында – 3,Жетісу облысында – 3,БҚО – 20,Қарағанды облысында – 40,Қостанай облысында – 39,Қызылорда облысында – 2,Маңғыстау облысында – 11,Павлодар облысында – 12,Солтүстік Қазақстанда – 26,Түркістан облысында – 3,Ұлытау облысында – 5 адамның ауырғаны анықталды.
Пандемия басталғалы елімізде барлығы 1 миллион 390 мың 587 адам дерт жұқтырған.
Ашық көздерден алынған сурет