«Қызылжар су» ЖШС басшысы Жеңіс Сұлтанов 7 қыркүйекте әкімдік отырысында Петропавл тұрғындарын сумен жабдықтау желілерін жуу және дезинфекциялау бойынша профилактикалық жұмыстар туралы ескертті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Жеңіс Сұлтановтың айтуынша, сумен жабдықтау 17 қыркүйек күні сағат 00:00-де өшіріледі. Барлық жоспарланған жұмыстар бір тәулік ішінде жүргізіліп, қала тұрғындарына 18 қыркүйек күні таңертең сумен қамтамасыз етуді қайтаруға ниетті.Сумен жабдықтау желілерін жуу және дезинфекциялау мерзімі туралы ресми ақпаратты «Қызылжар-су» ЖШС баспасөз қызметі дүйсенбі, 12 қыркүйекте береді.