Қазақстандықтар жыл басынан бері баспаналы болу үшін банктерден 4 трлн. теңгеден астам қарыз алған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Ұлттық банктің мәліметінше бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 48 пайызға немесе 1,3 трлн. теңгеге көп. Ипотеканың көп бөлігі елордаға тиесілі. Бас қалада биыл 1,17 трлн. теңгенің несиесі рәсімделген. Ал Солтүстік Қазақстан, Қызылорда және Түркістан облыстарында баспана алуға арналған кредит көлемі өзгелеріне қарағанда аз. Солтүстікқазақстандықтар биыл 65,3 млрд. теңгеге ипотекалық несие алған.