Жол құрылысы ерекше бақылауда

Авторы: Qyzyljar News

Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы автомобиль жолдарын салу кезінде битумды бағалаудың жаңа стандарттарын қолданатын болады. Бұл туралы Ақтау қаласында өтіп жатқан Жол конгресінде айтылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Осы күндері Ақтауда Қазақстандағы, жақын және алыс шет елдердегі ірі мемлекеттік және жеке компаниялардың, салалық министрліктердің, қауымдастықтар өкілдерінің, сондай-ақ битум және басқа да жол құрылыс материалдарын, полимерлі-битум байланыс материалдарын, қиыршық тастарды өндірушілер мен жеткізушілердің қатысуымен Жол конгресі өтіп жатыр.

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК баспасөз қызметінен мәлім еткендей, шараға қатысушылар үш күн бойы отандық битум өндірушілердің қуаттарды жаңғырту бойынша жоспарларын, битум байланыстырғыш материалдардың сапасын, жол құрылысында полимерлі-модификацияланған битумды пайдалануды, оларды тасымалдау, сақтау және инженерлік-мердігерлік келісім бойынша сапасын бақылау мәселелерін талқылайды және Қазақстандағы ірі жол битум өндірушілердің бірі «Caspi Bitum» СП» ЖШС-нің қызметімен танысады.

Іс-шараны ұйымдастырушылардың бірі – Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының» бас директоры Замир Сағыновтың айтуынша, талқыланған мәселелер Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы аясында өте өзекті.

– Бұл форум битумның сапасына қатысты мәселелерді ашық талдауға мүмкіндік береді. Өз тарапынан Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы автомобиль жолдарын салу кезінде битумды бағалаудың жаңа стандарттарын қолданатын болады, — деді ол.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz