СҚО полицейлері “Жолда қабылдау” акциясының жарты күнінде 100-ден астам сұраққа жауап берді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

  “Жолда қабылдау” акциясының жарты күнінде СҚО полицейлері 100-ден астам сұраққа жауап берді,  деп хабарлайды  Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Екі күндік “Жолда қабылдау” республикалық акциясы шеңберінде әкімшілік полиция және жергілікті полиция қызметі басқармасы басшылығы кеңес  беріп, сұрақтар мен ұсыныстарды қабылдады. Жол қауіпсіздігін және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, айыппұлдарды төлеу тәртібі, автокөлікті тіркеу – дәл осы жұмыс бағыттары бойынша әлеуметтік желі қолданушылары сұрақтар қоюда. Акция аясында полицейлер халыққа ыңғайлы болу үшін Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі ведомстволық аккаунттарда тікелей эфир ұйымдастырды. Тек түске дейін тәртіп сақшыларына 132 сұрақ келіп түсті. Олардың басым бөлігіне онлайн режимде жауап берілді, толық жауап беру үшін ендігі бір бөлігі өңделуде.

 – “Жолда қабылдау” акциясы     ай сайын өткізіледі. Желі қолданушыларымен онлайн-тілдесу бізге барлық жағдайларды қадағалауға мүмкіндік береді – жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден елді мекендердің көше-жол желісіндегі мәселелер туралы пікірлерін біліп, талдау жүргізіп, өз құзыретіміз шегінде қажетті шараларды қабылдаймыз, – дейді СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ерлан Мәдиев.

СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасында 8 (7152) 32-00-22, 32-00-19 телефондары бойынша Call-орталығы жұмыс істейді, жұмыс уақытында әкімшілік және жергілікті полиция қызметі бөліністерінің негізгі жұмыс бағыттарына қатысты барлық сұрақтар мен ұсыныстар қабылданады.

 Фото: ашық дереккөздерден.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz